Рикардо Алвеш «Қайрат» ойыншысы атанды

13.07.2021, 22:06
Келісім-шарт 2022 жылдың соңына дейін жасалды.
Рикардо Алвеш «Қайрат» ойыншысы атанды

Алматылық "Қайрат" 28 жастағы португалиялық жартылай қорғаушы Рикардо Алвешпен келісім-шартқа отырғанын жариялады

Келісім-шарт 2022 жылдың желтоқсанына дейін жасалған.

Рикардо Алвеш - "Порту" клубының түлегі. Шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында өнер көрсетеді.

Кәсіби мансабын 2012 жылы Португалияның "Белененсеш" командасында бастаған. Ол сондай-ақ "Портимоненси", румыниялық "Рапид", словениялық "Олимпия", ресейлік "Оренбург" және "Крылья Советов" сияқты клубтарда ойнады.

Кәсіби мансабында ол 188 матч өткізіп, 25 гол соққан, 21 нәтижелі пас берген. Португалияның жастар мен жасөспірімдер құрамасына шақыртылғанын да айта кетейік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×