Рикардо Кака: «Бұл жолы ойыншылардың барлық жаттығуларын өз мойнымызға аламыз деп шештік»

11.08.2021, 00:18
Алғашқы жиын 15 тамызда аяқталады.
Рикардо Кака: «Бұл жолы ойыншылардың барлық жаттығуларын өз мойнымызға аламыз деп шештік»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Алматыдағы оқу-жаттығу жиыны туралы пікір білдірді:

- Көптен бері кездескен жоқпыз. Демалыстан кейін ұлттық құрамамен бірге болу біртүрлі екен. Әдетте ойыншылар өз клубтарында дайындалып, содан кейін ғана ұлттық құрамаға келетін. Ал бұл жолы ойыншылардың барлық жаттығуларын өз мойнымызға аламыз деп шештік. Оларға бұл жерге келгенге дейін өз бетінше орындайтын жаттығулар берілді және олар осында жақсы формамен келуі тиіс. Алғашқы апта дайындық аптасы болады, себебі олар осы жүктемеге бейімделуі қажет. Екінші немесе үшінші аптада біз Нұр-Сұлтанға барамыз, ол кезде жаттығуларды күшейте бастаймыз. Біз жоспарлаған жолдастық кездесулерге дайын боламыз деген үміттемін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×