Рикардо Кака: «Қарсылас бұл жеңіске лайық болды»

06.12.2021, 16:04
Ресейлік клуб Чемпиондар лигасының финалына жолдама алды.
Рикардо Кака: «Қарсылас бұл жеңіске лайық болды»

«Қайрат» футзал клубының бас бапкері Рикардо Кака Чемпиондар лигасының элиталық раундында «Тюменьмен» болған ойынға (2:3) қатысты пікір білдірді:

- Менің ойымша, шиеленісті сәттерде қарқынды ұстап тұруға күшіміз жетпей қалды. Жалпы ойын тең дәрежеде өтті, қос команда алма-кезек шабуылдады. Мұнда барлығын «Тюмень» соққан гол шешіп кетті. Мүмкін ол кезде күшіміз жетпеген шығар. Қарсылас бұл жеңіске лайық болды деп айта аламын. Команда үшінші кездесуге жақсы және толық құраммен шықты. Спорт кешенінде керемет атмосфера орнап, жанкүйерлер үшін нағыз футзал мерекесін жасадық.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×