Рикардо Кака: «Қиындықтарды еңсеріп, соңына дейін шыдадық»

25.01.2022, 16:48
Кака шәкірттері ойын барысында екі рет ұтылып жатқанымен, жеңісті жұлып әкетті
Рикардо Кака: «Қиындықтарды еңсеріп, соңына дейін шыдадық»

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Финляндиямен болған ойынды (6:2) қорытындылады:

— Біздің жігіттердің жеңіске деген жігері ұнады. Таңертең Шыңғыс Есенамановтың ойынға қатыспайтыны туралы мәлімет алдық. Ойын барысында екі рет ұтылып жаттық. Алайда, сол қиындықтарды еңсеріп, соңына дейін шыдадық.

Бірінші таймда Дәурен Тұрсағұлов жақсы қырынан танылса, Азат Валиуллиннің ойыны жүрмеді. Сол себепті Арнольд Кнаубты алға қойып, допты қабылдауын талап еттім. Бұл қалған ойыншылардың дем алуына мүмкіндік жасайды. Екінші таймда Азат ойынға жақсы араласып, допты ұстай алды. Ол алғашқы ойынға қарағанда жақсы ойнады.

Италияның ойыны – импровизация. Олар екі ойын қатарынан тәуекелге бел буды. Сол себепті кез келген жағдайға дайын болу шарт.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×