Рикардо Кака: «Тағы да пенальти сериясы болған кезде біз ұтылмау үшін әрі қарай жұмыс істеуіміз қажет»

01.10.2021, 15:36
Ендігі ойын Бразилиямен үшінші қазан күні өтеді.
Рикардо Кака: «Тағы да пенальти сериясы болған кезде біз ұтылмау үшін әрі қарай жұмыс істеуіміз қажет»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака әлем чемпионатының жартылай финалындағы Португалияға қарсы ойын туралы пікір білдірді (2:2, 3:4 - пенальти сериясы).

- Білесіз бе, бұл футзалдан әлем чемпионатының жартылай финалы. Және бұл ойын дәл осылай болуы керек еді. Екі команда да жақсы ойнады, екі команда да керемет болды. Біз пенальти сериясында ұтылдық. Мен бұл лотерея деп ешқашан айтпаймын. Олар ойынның осы компонентінде жақсы болды. Не істеу керек? Тағы да пенальти сериясы болған кезде біз ұтылмау үшін әрі қарай жұмыс істеуіміз қажет.

- Енді бізді Бразилиямен үшінші орын үшін матч күтіп тұр.

- Бұл да қиын матч. Иә, екі түрлі стильдегі екі команда. Біздің ендігі міндетіміз - қалыпқа келу. Біздің жігіттер көп энергия жұмсады. Күшімізді қалпына келтіріп, ойнауымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×