Рикардо Кака: «Жеребе нәтижесіне көңілім толады»

02.06.2021, 17:09
Қазақстан А тобында Коста-Рика, Венесуэла және Литва құрамаларымен бірге келесі кезеңнің жолдамасына таласады.
Рикардо Кака: «Жеребе нәтижесіне көңілім толады»

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Рикардо Кака әлем чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімінің қорытындысына баға беріп, оқу-жаттығу жиынының қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

– Жеребенің қорытындысына көңілім толады. Барлық топтың деңгейі бірдей. Жеңіл топқа түстік деп барлығы құттықтап жатыр, алайда оларға жақсы топ тек мессенджерде болады деп жауап бердім. Әлем чемпионатында әлсіз қарсыластардың болмайтыны анық. Әр қарсыластың осал және мығым тұстары бар. 

Коста-Рика – өз конфедерациясының чемпионы. Сол себепті екінші себетке түсті. Олардың құрамасы өткен әлем чемпионатымен салыстырғанда өзгерді. Ауыр ойын болады деп ойлаймын. 

Венесуэла латынамерикалық елдерге тән жылдам ойын көрсетеді. Олармен де ойын оңайға түспейді. 

Литва - жарыс иесі. Сол себепті олардың басты басымдығы - өз алаңында ойнауы. Алайда, біз сырт алаңда жанкүйерлерсіз ойнап көрдік. Біз үшін үлкен мәселе болмауы тиіс. 

Оқу-жаттығу жиынын 2 тамызда бастауды жоспарлап отырмыз. Алғашқы жартысын Қазақстан астанасында өткіземіз. Екінші бөлігін Алматыда өткізуді жоспарлап отырмыз. Сосын әлем чемпионатына жақын елде жиынды жалғастырамыз. Сол жақта жолдастық кездесулер өткіземіз. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×