Рики Пуч «Барселона» сапындағы алғашқы голын соқты

24.01.2021 23:31 Ла Лига

Куман мырза біраз ойын уақытын берсе енді.

Рики Пуч «Барселона» сапындағы алғашқы голын соқты

Каталондық “Барселона” Испания чемпионатының 20-турында қонақта “Эльчені” 0:2 есебімен тізе бүктірді.

Матчтың 39 минутында Френки Де Йонг ойындағы алғашқы голды соқса, 87 минутта Педридің орнына шыққан Рики Пуч араға екі минут салып, 89 минутта есепті 0:2-ге жеткізді. Осылайша “Барселона” сапындағы беташар голын салды.

Сонымен қатар каталондықтар Ла лигада тоғызыншы ойын қатарынан жеңілмей келеді. Жеті ойында жеңіс тойын тойласа, екі ойын тең нәтижемен аяқталған.

Қонақта үш ұпай олжалаған Куман шәкірттері 19 ойында 37 ұпай еншілеп, үшінші орынға көтерілді.

0 пікір