Ринат Дасаев 60-қа келді

13.06.2017, 16:25
Ринат Дасаев 60-қа келді
Бүгін Дасай жәкемнің жұрағаты, Сәлім атайдың немересі, Файзрахман абзидің ұлы – Ринат ағамыз 60 жасқа толып отыр. Астрахан татарларының ұланы 1988 жылы әлемнің үздік қақпашысы атанды. «Спартак» (Мәскеу) сапында 1978-1988 жылдары 335 ойын өткізді, 2 дүркін КСРО чемпионы болды (1979, 1987). Сосын үш жыл «Севильяда» ойнады. КСРО құрамасының 1-нөмірлі жейдесін 91 рет киіп (70 гол жіберген), он жыл бойы ешкімге бермеді. 80-жылдардың екінші жартысында «КСРО футбол құрамасы» десе, жанкүйерлер «9 украин мен 2 татарин» деп әзілдейтін. Ішінара грузин, белорус, орыстар да жүргенімен, ол уақыттағы негізгі құрам шынында да солай еді (Дасаев – Хидиятуллин, Демьяненко, Бессонов, Кузнецов – Рац, Литовченко, Михайличенко, Заваров – Протасов, Беланов). Дасаев – үш ӘЧ-ға қатысқан КСРО тарихындағы 4 футболшының бірі (қалған үшеуі – Яшин, Бессонов, Демьяненко). Мәскеу Олимпиадасының (1980) қола жүлдегері. КСРО-ның үздік футболшысы (1982). «Франс футболдың» «Алтын доп» жүлдесінің үздіктер тізіміне Ринат Дасаев қатарынан 7 рет енді: 1982 (6-орын), 1983 (6-орын), 1984 (22-орын), 1985 (9-орын), 1986 (16-орын), 1987 (21-орын) және 1988 (13-орын). Алаңға шығарда шағын қолсөмкесіне запас қолғаптарымен бірге Құран кітабын жасырын салып алатын болған.

Материал Сәкен Сыбанбайдың фейсбуктағы жеке парақшасынан алынды

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×