Ринат Заитов: Ұлттық құрамадағы бас бапкерімізге көз тиген бе, бірдеңе

18.04.2024, 16:10

Мәжіліс депутаты, ақын Ринат Заитов Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Магомед Адиевті орнынан алу туралы ұсыныс айтты.

Ринат Заитов: Ұлттық құрамадағы бас бапкерімізге көз тиген бе, бірдеңе

«Футбол жанкүйері ретінде өтінішім бар. Ұлттық құрамадағы бас бапкерімізге көз тиген бе, бірдеңе. «Ахмат» ойнаса да жеті гол кіргізеді, бізде ойнаса да бес гол кіргізеді. Осы кісінің біліктілігі жайлы мәселе көтеріп, ауыстыру керек сияқты», - деген болатын Ринат Заитов. Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев  Грозныйдың «Ахмат» командасын да жаттықтырады. Ресейлік бапкер РПЛ өкілінің бас бапкерлігіне тағайындалғалы бері жеңілістен көз ашпай келеді. Магомед Адиев Ресей премьер-лигасының екі турында қатарынан екі рет жеңіліс тапты. «Ахмат» алдымен Мәскеудің «Локомтивінен» 0:2 есебімен ұтылса, өткен 24-турда Калининградтық «Баликадан» 1:7 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Енді Адиевтің клубы келесі ойынды сырт алаңда Мәскеуде «ЦСКАҒА»  қарсы өткізбек. Бұл ойын осы сенбіде болады. Естеріңізге сала кетейік, «Ахмат» 24 турдан кейін 20 ұпай жинап, турнирлік кестеде 14-ші келеді.     

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 14
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
×