Рюдигер “Реалдың” ортақ тобына қосылды

24.02.2024, 17:36

Қорғаушы Антонио Рюдигер корольдік клубтың ортақ топтағы жаттығуларына оралды, деп жазады Аладоп.кз.

Рюдигер “Реалдың” ортақ тобына қосылды

30 жастағы неміс ойыншысы “Реалдың” “Севильяға” қарсы ойын алдыңдағы қорытынды жаттығуларының бірінде төбе көрсетіпті.

Еске салайық, Антонио “Хэтафеге” қарсы Ла Лиганың 20-тур кездесуінің бірінші таймының бітер тұсында жарақат алып қалған болатын (2:0). 

Рюдигер осы маусымда корольдік клуб сапында 30 ойын өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас берді.

“Реал” - “Севилья” матчын сіздер ертең елорда уақытымен сағат 02:00-де тамашалай аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×