Роббен ауыр жарақат алды

25.03.2015, 00:07
Роббен ауыр жарақат алды
Мюнхендік «Баварияның» көшбасшы ойыншысы Арьен Роббен жарақатын алып қалды, ол енді жасыл алаңға алты апта шыға алмайды. Естеріңізге сала кетсек, менхенгладбахтың «Боруссиясымен» болған матчта голландиялық футболшы жарақат алып, ойынды жалғастыра алмаған еді. Мюнхендік клуб дәрігерлерінің пайымдауынша, Роббен алаңға алты аптадан кейін бір-ақ оралады. Демек, Арьен Чемпиондар Лигасының ширекфиналдық кездесулеріне қатыса алмайды. Биылғы маусымда Роббен Бундеслигада 21 кездесуге қатысып, он жеті гол соқты.  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×