Роберт Бауэр жақын арада Қазақстан азаматтығын алып, мәскеулік «Спартак» клубына ауысады

17.08.2021, 14:39
«Спартак» клубы оң қапталда ойнайтын қорғаушы іздеуде.
Роберт Бауэр жақын арада Қазақстан азаматтығын алып, мәскеулік «Спартак» клубына ауысады

Германиялық қорғаушы Роберт Бауэр жақын арада Қазақстан ұлттық құрамасында ойнауға мүмкіндік беретін қазақстандық төлқұжаттың иесі болады, деп хабарлайды «Тень отца Гурмана» телеграм арнасы.

Дереккөздің мәліметінше, Роберттің біздің ұлттық құраманың қыркүйек айындағы матчтарына қатыса алатын мүмкіндігі бар.

Сонымен қатар қазақстандық құжаттың болуы оны ЕЭО елдерінің чемпионаттарында легионер деп санамауға мүмкіндік береді. Бауэр Қазақстан елінің азаматтығын алғаннан кейін белсенді түрде оң қапталда ойнайтын қорғаушы іздеп жүрген мәскеулік «Спартак» клубымен келісім-шартқа отырады. 

26 жастағы Бауэр германиялық «Ингольштадт», «Вердер», «Нюрнберг» командаларында доп тепті. Соңғы жылдары ресейлік «Арсенал Тула» клубының намысын қорғады. Жалпы Ресей Премьер-лигасында 36 матч өткізіп, 2 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×