Роберт Левандовски алтын бутса иегері атанды

22.09.2021, 01:34
2020/21 жылғы маусымда ойыншы Бундеслига қарсаныңда 29 матч өткізіп 41 гол салған.
Роберт Левандовски алтын бутса иегері атанды

"Бавария" шабуылшысы Роберт Левандовски алтын бутса иегері атанды. Бұл поляк футболшысының мансабындағы алғашқы алтын бутса. 

"Мен өте қуаныштымын, бұл деген мен үшін үлкен мәртебе. Қолайлы сәтті пайдалана отырып отбасыма, команда мүшелеріне, жалпы "Бавария" ұжымына үлкен алғысымды білдіремін. Олардың қолдауынсыз бұл жүлдеге қол жеткізе алмас едім" - деп жазған екен Роберт өзінің Instagram парақшасында. 

Еске салайық, өткен маусымда Левандовски Бундеслиганың 29 матчында 41 гол соғып, 7 нәтижелі пас берген. Үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Месси ("Барселона", 30 гол), Криштиану Роналду ("Ювентус", 29 гол), Андре Силва ("Айнтрахт Франкфурт", 28 гол), Эрлинг Холанд ("Боруссия Дортмунд", 27 гол), Килиан Мбаппе (ПСЖ, 26 гол), Ромелу Лукаку ("Интер", 24 гол) бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×