Хорватиялық маман көршілес елдің құрамасын 1 жыл бойы жаттықтыратын болады.
Роберт өз жұмысына 2026 жылы кірісетін болады. Егерде Қырғызстан Азия Кубогынде осы бапкердің көмегімен жақсы нәтиже көрсете алса, Просинечки келісім шарты 3 жылға созылады.
Көршілес елдің командасына келмей тұрып хорватиялық Әзербайжан, Босния және Герцоговина құрамаларында қызмет жасаған. Одан тағысы, бірнеше еуропалық клубтардың бапкері болған.
Футболшы ретінде Роберт Реал Мадрид, Барселона және Црвена Звезданың негізгі ойыншыларының бірі болды. Ол 1998 жылғы Әлем чемпионатында Хорватиямен бірге турнирдің қола жүлдегері атанған.