Атақты бразилиялық Роберто Карлостың мақсаты Бразилия құрамасының бас бапкері болу екен. Бұл туралы бапкердің өзі айтты.
«Менің мақсатым – Бразилия құрамасын жаттықтыру. Осы мақсатыма жету үшін ұзақ жол күтіп тұрғанын білемін, сондықтан ешқандай уақыт өлшемін қоймаймын. Бапкерлік жұмысым оңайға соғып жатыр. Футбол ойынына және өмірлік қиындықтарға жақсы дайындалғанмын. Мансабымды үлкен клубтарда өткердім. Өзім жұмыс жасаған бапкерлерден көп нәрсе үйрендім: Марио Загалодан, Карлос Альберто Паррейрадан, Висенте дель Боскеден, Фабио Капеллодан, Луис Фелипе Сколаридан және Рой Ходжсоннан», - деді Карлос.