Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Daily Mail.
Дереккөздің мәліметінше, италиялық маман Антонио Контенің орнына «Тоттенхэм Хотспурды» жаттықтыруы мүмкін. Сондай-ақ лондондық клуб «Брайтон» менеджері Грэм Поттерге қыщығушылық танытуда.
Конте маусым соңында «Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Маурисио Почеттиноны алмастыруы мүмкін. Италиялық маман париждік клубқа өз талаптарын қойып, алғысы келетін жалақы мөлшерін айтқан.
Еске салайық, Манчини бұған дейін де Премьер-лигада жұмыс істеген. Нақтырақ айтсақ, ол 2009-2013 жылдар аралығында маман «Манчестер Ситиді» баптады.
Біздің серіктес: FONBET