Италия құрамасының бас бапкері Роберто Манчини құраманың ойын мәнерінде қандай өзгерістер болатыны жайында айтып өтті. Сондай-ақ, алдағы жұмыс жоспарымен де бөлісті.
-«Маған қорғанысқа негізделген футбол ұнайды. Осы ойын мәнері арқылы 4 рет Әлем чемпионы атанғанымызды да білемін. Алайда қазір Италия құрамасы шабуылдаушы ойын өрнегін көрсете алады деп ойлаймын. Жалпы аладоп әлемінде қарсы шабуыл мен қорғанысқа жатып алатын ойын жарамай қалды.
-Қазір жанкүйер сенеміне ие болғанымыз қуантады. Енді Еуропа чемпионатында жақсы ойнап, барынша қуантуға тырысамыз. Бастысы құрамадағы бірлік.
-Жалпы федерация тарапынан жас итальяндық ойыншылардың өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге жағдай жасалып келеді. А сериясынан мықты ойыншылар шығып келеді. Италияда дарынды футболшылар жоқ деген бос сөз. Тек жағдай жасап, батылдық танытып, мүмкіндік беруден қорықпау керек»-дейді итальяндық маман.
Шамкен БАЙЫРБЕК.
Біздің серіктес: FONBET