Родри үшін маусым аяқталды

«Манчестер Сити» командасының бас бапкері Пеп Гвардиола мәлімдеме жасады.

Родри үшін маусым аяқталды

«Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Родри маусымның қалған бөлігінде алаңға шыға алмайды. Ол «Арсеналға» қарсы ойында ауыр жарақат алып, тізенің крест байламын үзіп алған еді. Бұл жарақаттан кейін футболшыға операция жасалып, оның қалпына келуіне кемінде 9 ай қажет екендігі белгілі болды. Осыған байланысты бас бапкер Пеп Гвардиола: "Бұл маусым Родри үшін аяқталды. Ол келесі маусымға дайын болады", – деп мәлімдеме жасады.

Естеріңізге сала кетейік, Ағылшын премьер лигасының 5-туры аясында өткен ойында «қалалықтар» өз алаңдарында «зеңбірекшілермен» тең тарқасқан еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×