Ағылшындық "Ливерпуль" Мадридтік "Реалдың" вингері Родригоны сатып алғысы келеді, деп хабарлайды AS басылымы.
Дереккөз мәліметінше, жақын күндері “Мерсисайдтықтар" Испанияға өз өкілін жіберіп, футболшының трансферіне байланысты ресми келіссөздерді бастамақ.
Бұған дейін де "Ливерпуль” Родригоны өз қатарына қосуды қалаған, ол кезде команданы неміс маманы Юрген Клопп жаттықтырып жүрген болатын.
Еске сала кетейік, Хаби Алонсо "Реалдың” бас бапкері қызметіне келгеннен кейін Родриго негізгі құрамдағы орнын жоғалтып, Клубтар арасындағы әлем чемпионатында өте аз ойын уақытына ие болды.