«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы капитаны Рой Кин «Қызыл сойқандардың» Англия премьер-лигасының 10-турындағы «Тоттенхэммен» (1:6) болған матчтағы жеңілісі туралы пікір білдірді және сонымен қатар команданың бас бапкері Оле Гуннар Сульшер жақын арада клубтан кетеді деп айттты.
«Юнайтедтің «Тоттенхэмге» қарсы ойыны - масқара. Біз бәріміз футболдың не екенін білеміз және бәрімізде сәтсіз күндер болды, бірақ "Манчестердің" кейбір ойыншылары клуб эмблемасын қорлады.
Жалпы, менің ойымша, бұл жеңіліске Сульшер жауап беру керек. Не дегенмен ойыншыларды сол жаттықтырады емес пе? Айтып өткенімдей, олар өздерінің бұрынғы жаттықтырушысы Моуриньоны автобус дөңгелектерінің астына тастады және олар Сульшерге де солай жасайды», - деп келтірді Рой Киннің сөзін Goal.com ITV Sport-қа сілтеме жасап.
Біздің серіктес: FONBET