“Рома” 20 жастағы Ирландиялық шабуылшы Фергюсонды 40 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен жалға алады

20.07.2025, 13:00

"Брайтон" және Ирландия құрамасының шабуылшысы Эван Фергюсонды Римдік "Рома" клубы қатарларына қосты.

“Рома” 20 жастағы Ирландиялық шабуылшы Фергюсонды 40 миллион еуроға сатып алу мүмкіндігімен жалға алады

Бұл туралы Фабрицио Романо хабарлады. Оның мәліметінше, тараптар 20 жастағы шабуылшыны 40 миллион еуроға сатып алу құқығымен жалға алу жөнінде келісімге келген.

Фергюсон басқа бірнеше клубтардан ұсыныс алғанымен, "Романы” таңдаған. Барлық тараптар ауызша келісім беріп, мәміле іс жүзінде аяқталған. 

Өткен маусымда Фергюсон "Брайтон” сапында АПЛ-да 13 матч өткізіп, 1 гол соққан. Қысқы трансфер терезесінде ол "Вест Хэмге" жалға беріліп, 8 ойында алаңға шыққанымен, нәтижелі әрекетпен көзге түсе алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×