«Рома» - «Динамо» Киев кездесуіне болжам

24.10.2024, 12:57

Еуропа Лигасындағы осы ойынды ұтпаса римдік клубтың бас бапкері Иван Юрич орнын босатады деседі.

«Рома» - «Динамо» Киев кездесуіне болжам
"Динамо" Киев - "Лацио" кездесуі

Де Россидің орнына шақырғанда «Романың» басшылығы хорватиялық бапкерден әлдеқайда жақсы нәтиже күткені анық. Алайда, ол үміт әзірше ақталмай тұр. Қысқасы, бүгін алаң иелерінің украиналық қарсыластарын аямауға себептері жетерлік. «Романың» турнирдегі жағдайы көңіл көншітпейді. Екі кездесуде команда бір-ақ ұпай олжалап, қалып топтың соңына таман орын тепкен. Бірінші турда «Атлетикпен» тең тарқасса, 4-қазанда «Эльфсборктан» оңбай ұтылды (2:0). Клубтың А Сериясындағы жағдайы да мәз емес. Ала-құла ойнап жүрген римдіктер демалыста өз алаңында «Интерге» 0:1-мен есе жіберген еді. Жалпы, Юричтің клубы үшін маусымның басы өте сәтсіз деуге болады. Сондықтан, бүгінгі бәсекеде «Рома» ерекше мотивациялы болады деп топшылаймыз.

Киевтік команданың да ЕЛ-дағы жағдайы нашар. Александр Шовковскийдің білім-білігі әзірше ішкі біріншілікпен ғана шектеліп қалғандай әсер қалдырады. «Динамо» Киев УПЛ-да бірінші орында жеке дара келеді. Өткен жолы сырт алаңда «Оболоньді» аяған жоқ (1:5). Жалпы, шабуылдағы әлеуеті жоғары болса, қорғаныста осалдығы байқалады. Мәселен, «Динамо» Еуропа Лигасының алғашқы екі турында «Хоффенхайм» мен «Лациодан» бес доп өткізіп алып, оларға бірде-бір рет жауап қата алмаған еді.

Бұл ойынға мынадай нұсқаны жөн көріп отырмыз. «Динамо» қашанғы голсыз болады? Киевтік футболшылар ер кезегі үшке дейін деп, Римде қанжығаларын майлай ма деп қоямыз. Ал ол голдарын қонақтар біздің болжамымыз дұрыс келсе, үзілістен кейін салуы тиіс. Матчты бірінші минуттардан белсенді бастайтын алаң иелері бірнеше голды топырлатып, бар мәселені бірінші таймда шешіп тастаса, ойын соңына қарай Киевтің де бір гол салып қалуы ғажап емес. Оның үстіне «Рома» да биыл қорғаныс тұрғысынан сондай мықты көрінбейді. Мысалға, алаң иелері «Монца» мен «Дженоаға» қарсы кездесулердегі голдарын екінші таймда жіберген. Жалпы, Иван Юричтің шәкірттері матч соңына қарай арқаны кеңге салатынымен ерекшеленуде. Сондықтан, бүгін де «Динамо» екінші таймда алаң иелерінің қақпасына кемінде бір гол салады деп жорамалдаймыз. «Фонбет.кз» бұған 2.30 коэфициент беріп тұр екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×