«Манчестер Юнайтедтің» жартылай қорғаушы Неманья Матич мансабын «Ромада» жалғастырады, деп хабарлайды журналист Николо Скира.
Дереккөздің хабарлауынша, 33 жастағы сербиялық футболшы римдік клубпен 1+1 жүйесі бойынша келісім-шартқа отырады.
Матич «Манчестер Юнайтедте» 2017 жылдың шілдесінен бері ойнап келеді. Өткен маусымда футболшы «қызыл сойқандар» үшін 32 матчқа қатысып, 4 нәтижелі пас берді. Маусым айының соңында Неманьяның манкуниандық клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталады.
Айта кетейік, «Романың» бас бапкері Жозе Моуриньо бұған дейін «Челсиде» және «Манчестер Юнайтедте» Матичпен бірге жұмыс істеген.
Біздің серіктес: FONBET