Роман Абрамович «Челсиді» сатуы мүмкін

02.03.2022, 15:00
Ұлыбританияда ресейлік кәсіпкерге санкциялар салынуы мүмкін.
Роман Абрамович «Челсиді» сатуы мүмкін

«Челсидің» қожайыны Роман Абрамовичке осы аптада клубты сатып алу туралы ұсыныстар түседі, деп хабарлайды The Telegraph.

Дереккөздің айтуынша, әңгіме үш әлеуетті сатып алушы туралы болып отыр. Ресейлік кәсіпкерге апта соңына дейін салынуы мүмкін санкциялар «Челсиде» қалуға кедергі болуы мүмкін. Еске салайық, 26 ақпанда Абрамович клубты басқаруды «Челси» қайырымдылық қорының мүшелеріне тапсырған болатын.

Абрамович 2003 жылдан бері «Челсиді» басқарып келеді. Осы уақыт ішінде лондондық клуб Англияның төрт дүркін чемпионы атанды, екі реттен Чемпиондар лигасын және Еуропа лигасын жеңіп алды, бір мәрте УЕФА суперкубогін, бес рет Англия кубогін, үш рет Лига кубогін және екі рет Англия суперкубогін қоржынға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×