Роман Мұртазаев “Елімайда” қалады

22.12.2025, 19:20

Семейлік "Елімай" футбол клубы тәжірибелі шабуылшы Роман Мұртазаевпен арадағы ынтымақтастықты жалғастыратынын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Роман Мұртазаев “Елімайда” қалады

32 жастағы футболшы жаңа келісімшартқа қол қойып, команда сапында қалатын болды.

Қарағанды футболының түлегі саналатын Романның мансабы айтулы белестерге толы. Ол осы уақытқа дейін отандық және шетелдік бірнеше белді клубтарда доп тепті:

  • "Шахтер” (Қарағанды)
  • "Ертіс” (Павлодар)
  • "Астана"
  • "Тобыл" (Қостанай)
  • "Балтика” (Ресей)

Мұртазаев — Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Сонымен қатар, ол ел намысын халықаралық деңгейде қорғап, ұлттық құрама сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соққан.

Өткен маусымда Роман "Елімайдың” шабуыл шебіндегі негізгі күштің біріне айналды. Оның көрсеткіштері көңіл қуантарлық.

26 матч, 7 гол, 1 нәтижелі пас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×