Ромелу Лукаку «Челси» ойыншысы атанды

13.08.2021, 13:48
Бұл «Челси» тарихындағы ең қымбат трансфер ретінде тіркелді.
Ромелу Лукаку «Челси» ойыншысы атанды

«Челси» «Интер» мен Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукакудың командаға қосылғанын ресми түрде хабарлады.

«Челси» милардық клубқа Лукаку үшін 115 миллион еуро төледі. Осылайша, «Челси» клуб тарихындағы ең қымбат трансферді жасады. Бельгиялық шабуылшы бес жылдық келісім-шартқа қол қойды. Оның жылдық жалақысы 12 миллион еуроны құрайды.

Лукаку «Интер» клубына 2019 жылы «Манчестер Юнайтедтен» қоныс аударды. Өткен маусымда форвард А Серияда 36 матч өткізді, 24 гол соқты (пенальтиден 6) және 11 нәтижелі пас берді. «Интер» құрамында ол Италия чемпионы атанды.

Лукаку бұған дейін де «Челсиде» ойнаған. Ол 2011 жылдың тамызында командаға қосылғанымен, өзін көрсете алмады. Жалпы алғанда, ол команда үшін 15 матч өткізді және гол соғу бақыты бұйырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×