Ромелу Лукаку «Челсиге» ауысады

08.08.2021, 02:24
Трансфер құны 115 миллион еуроны құрайды.
Ромелу Лукаку «Челсиге» ауысады

Бельгия құрамасының шабуылшысы Ромелу Лукаку алдағы күндері "Челси" ойыншысы ретінде таныстырылады, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо. Қос команда нақты бір мәмілеге келді, тек құжат мәселесін шешу ғана қалды

Лондондық клуб "Интерге" 115 миллион еуро төлейді. Айта кетейік, италиялық клуб "Челси" ұсынған ойыншыдан бас тартып, қолма-қол ақша талап етті. Таяу күндері келісім-шартқа қол қойылатын болады.

Ромелу Лукакудың "Челсидегі" жылдық жалақысы 12 миллион еуроны құрамақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×