Рональд Куман: «Барлық шешімдер «Барселонаға» қарсы қабылданады»

25.10.2020, 15:36
«Барселона» турнирлік кестеде 10-орында тұр.
Рональд Куман: «Барлық шешімдер «Барселонаға» қарсы қабылданады»

"Барселонаның" бас бапкері Рональд Куман Испания чемпионатының 7-туры аясында "Реал Мадридпен" өткен матчтан кейін төрешілерді сынға алды. Кездесу "Камп Ноу" стадионында өтіп, 3:1 есебімен Мадридтік клубтың пайдасына аяқталды.

"Мен VAR-ды түсінбеймін, барлық шешімдер "Барселонаға" қарсы қабылданады. Оған мысал көп: "Севильямен" болған матчта пенальти бермеді, "Хетафемен" ойында қарсылас команданың ойыншысына қызыл қағаз бермеді және бүгінгі ойын", - деді Куман матчтан кейін берген сұхбатында.

Мадридтік "Реал" 13 ұпай жинап, Испания чемпионатының турнирлік кестесінде бірінші орынға шықты. "Барселона" (7 ұпай) - 10 орында. Келесі турда "Барселона" "Алавеспен" кездесетін болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×