Рональд Куман Нидерланды құрамасын тастап кете ме?

18.08.2020, 17:33
Куман «Эвертонда» жүрген кезде бұлай таласпаған еді.
Рональд Куман Нидерланды құрамасын тастап кете ме?

Daily Mail басылымының хабарлауынша, Лондондық "Арсеналдың" бұрынғы бас бапкері Арсен Венгер Нидерланды құрамасын жаттықтыруы мүмкін.

Дереккөздің хабарлауынша, Венгер бұған дейін Нидерланды футбол қауымдастығына жүгініп, «Барселона» командасын баптауы мүмкін Рональд Куманды алмастыруға дайын екенін мәлімдеген. Одан бөлек, Венгер "Барселона" клубын жаттықтыру туралы ұсыныстан бас тартқан болатын.

«Барселона» бас директоры Оскар Грау клубтың Нидерланды құрамасының жаттықтырушысы Рональд Куманмен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады. Грау Куманмен келіссөздер жүргізу үшін Амстердамға ұшып кетті.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қарашасында Венгер FIFA-ның жаһандық футболды дамыту бөлімінің бастығы болды. Венгер «Арсеналға» 1996 жылдан 2018 жылға дейін бапкер болған. Оның басшылығымен "зеңбірекшілер" 17 кубок жеңіп алды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×