Роналдиньо карьерасын Мексида да жалғастыруы мүмкін

04.09.2014, 23:59
Роналдиньо карьерасын Мексида да жалғастыруы мүмкін
Бразилия ұлттық құрамасының бұрынғы шабуылшысы Роналдиньо футболдағы мансабын Мексика жерінде жалғастыруы мүмкін. 34- жастағы футболшыға Мехикодағы "Америка" футбол клубы ұсыныс жасады, деп хабарлайды  Globoesporte. Осыдан біраз күн бұрын бұл футболшы үнділік "Ченннай" футбол клубымен екі жылдық келісім- шартқа отырып, трансфер құны 4,6 миллиона евроға бағаланды деген ақпарат жалған болып шықты. Айта кетейік, Роналдиньо соңғы рет «Атлетико Минейро» клубында өнер көрсеткен. Дайындаған: Нұрахмет Ерден.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×