«Рональдинье сияқты бір аяқдопшыға спонсор болғыңыз келе ме?». "Галатасарай" клубының директоры Аднан Полат «Pegasus әуе жолдарының» директоры Әли Сабанджыға сұрақты дәл осылай төтесінен қойды. «Спонсор болуға болады, бірақ Рональдиньо үлкен есім» деп жауап берген Сабанджыға Полат: «Көз алдымызда оны үлкейтпеңіз, оны келтіру анау айтқандай қиын емес» деді. Осы түріктердің амбициясына разымын. Қазақтар: «Құласаң, нардан құла», орыстар «Попытка не пытка» демей ме? Бізге де осындай тәуекел керек-ақ!
Біздің серіктес: FONBET