Роналдиньо үй қамағында қала бермек

12.07.2020, 22:27
Сот экс-футболшының аппелляцияға берген шағымын қанағаттандырмады.
Роналдиньо үй қамағында қала бермек

"Милан" және "Барселона" командаларының бұрынғы футболшысы Роналдиньо үй қамауында болуын жалғастырады, деп хабарлайды AS.

Сот 40 жастағы бразилиялықтың шағымын қанағаттандырмады. Еске салайық, Роналдиньо мен оның ағасы Асунсьон әуежайында жалған төлқұжаттар көрсеткені үшін қамауға алынды. 9 сәуірде Роналдиньо мен оның ағасы Роберто де Ассис Муарир Парагвайлық түрмеден 1,6 миллион доллар кепілдікпен босатылғандығы белгілі болды, ағайындылар Асунсьон орталығындағы Палмарога қонақ үйінде үй қамауында отыр. Ондағы бөлме бір түнге бағасы 80 доллардан 90 долларға дейін тұрады. Роналдиньо тұрып жатқан бөлменің бір күндік ақысы 380 доллар тұрады.

Роналдиньо ойын мансабын 2018 жылы 16 қаңтарда ресми түрде аяқтаған болатын. Бразилиялықтың соңғы клубы "Флуминенсе" болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×