Роналдиньоның жүректі тебіренткен естелігі – “Әкемді енді ешқашан көрмеймін дегенге ұзақ уақыт сене алмадым”

03.12.2025, 09:30

Футбол әлемінің аңыздарының бірі Роналдиньо бала күнгі ең ауыр сәтін еске алып, жан дүниесін тербеткен әңгімесін бөлісті.

Роналдиньоның жүректі тебіренткен естелігі – “Әкемді енді ешқашан көрмеймін дегенге ұзақ уақыт сене алмадым”

Роналдиньо:

“Бала кезімде футболдан үйге оралғанда анам әрқашан күліп қарсы алатын. Бір күні үйге келсем, анам жылап отыр екен. Артынша ағам Роберто келіп, мені құшақтап, ваннаға алып кірді. Сол жерде ол маған мүлдем түсініксіз болған қорқынышты хабарды айтты: "Жол апаты болды… Әкеміз қайтыс болды."

“Қалайша? Бұл нені білдіреді? Ол қашан үйге қайтып келеді? Әкем қалайша енді жоқ болуы мүмкін?” — деп ойлаған екен кішкентай Гаучо.

Роналдиньоның әкесі – оның ең алғашқы ұстазы болған.

“Әкем әрқашан: "Футболды еркін ойна” дейтін. Допты сезінуді, одан ләззат алуды үйреткен – сол кісі. Ағам Роберто "Гремиода” кәсіби футболшы болып келе жатқанда, әкем бәріне: "Роберто жақсы ойыншы, бірақ оның інісін көргенше күте тұрыңыздар” деп айтатын.”

Әкесі отбасын асырау үшін, таңнан кешке дейін кеме жасау зауытында жұмыс істейтін. Бірақ соған қарамастан демалыс күндері "Гремио” стадионында күзетші болып, футболға деген сүйіспеншілігін тоқтатпаған.

“Әкем мен үшін нағыз суперқаһарман еді. Бір күнде бәрі өзгеріп, оны енді ешқашан көрмейтінімді қабылдау мүмкін болмады. Роберто айтқанның бәрін түсіне алмадым. Бірнеше жыл өткеннен кейін ғана әкемнің қайтып келмейтінін толық ұқтым.”

“Доп менің аяқ астымда болған әрбір сәт — әкемнің менімен бірге тұрған сәті. Сол кезде мен оның жанымда екенін сеземін.”

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 11
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×