Роналдо үлкен футболға қайта оралады

24.02.2015, 01:26
Роналдо үлкен футболға қайта оралады
«Алтын доптың» екі дүркін иегері бразилиялық Роналдо кәсіпқой футболшы мансабын жалғастыратын болды, деп хабарлайды «PROСПОРТ». 28 жастағы бразилиялық америкалық екінші дивизионда өнер көрсететін «Форт-Лодердейл Страйкерс» сапында ойнайтын болды. «Қайта алаңға оралатынымды айтқан болатынмын, бірақ қазір емес, АҚШ екінші дивизионының плэй-офф кезеңінде», - деді Роналдо. Естеріңізге сала кетсек, Роналдо «Барселона», «Интер», «Реал», «Милан» секілді клубтарда ойнаған. Форвард 2011 жылы бразилиялық «Коринтианс» сапында мансабын аяқтады.   «PROСПОРТ» порталынан  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×