Роналду “Аль-Насрда” UFC-дегі барылқ жауынгерлерден де көп табыс табады

09.07.2025, 16:30

Криштиану Роналду "Аль-Насрмен" келісімшартын тағы екі жылға ұзартқан. 40 жасар ол бұл келісім бойынша екі жылда шамамен 500 миллион доллар табыс табады.

Роналду “Аль-Насрда” UFC-дегі барылқ жауынгерлерден де көп табыс табады

Роналду күніне шамамен 670 мың доллар табады. Бұл келісім тек жалақымен шектелмейді, Роналду клубтың 15% акциясын иеленіп отыр. Бұл шамамен 45 миллион долларға. Сонымен қатар, оған 33 миллион доллар көлемінде қол қою бонусы берілді, ал келісімнің екінші жылында бұл сома 51 миллион долларға дейін өседі.

"Аль-Наср” Роналдудың жеке ұшағының шығындарын өтейді, сондай-ақ Саудиялық компаниялармен демеушілік келісімдер де қарастырылған. Бұдан бөлек, клуб шабуылшыға нәтижелері үшін қосымша бонус тағайындайды. Егер Роналду Сауд Арабиясы Про лигасының чемпионы атанып, "Алтын бутса” жеңіп алса, оған тағы 16 миллион доллар төленеді. Жалпы алғанда, барлық бонустарды есептегенде, Роналду екі жылда 700 миллион долларға дейін табыс табуы мүмкін.

Оның жылдық табысы 245 миллион доллар, UFC-дегі барлық кәсіби жекпе-жекшілердің жылдық табысынан (218 миллион доллар) да жоғары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×