Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубы Мадридтік "Реалдың" 24 жастағы шабуылшысы Родриго Гоеспен байланыс орнатты. Бұл туралы Sky Sport Switzerland хабарлайды.
Журналист Саша Тавольеридің мәліметінше, Саудиялық клуб жазғы трансфер кезеңінде тағы бір жұлдызды ойыншыны қатарына қосуды жоспарлап отыр. Оның айтуынша, Родригоның стиліндегі ойыншыны алу туралы ұсынысты команданың шабуылшысы Криштиану Роналду жасаған.
Бірақ, Бразилиялық футболшы қазіргі таңда Сауд Арабиясына ауысу туралы ойламайтыны атап өткен. Егер ол расында да "Реалдан” кететін болса, Сауд Арабияны емес Ағылшын Премьер лигасының таңдайды.
Өткен маусымда Родриго барлық турнирлерде 51 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген.