Роналду “Аль-Насрмен” келісімшартын 2 жылға үзартты. Ол бұл уақыт ішінде €600 миллион табыс табады

28.06.2025, 19:30

Күніне 822 мың еуро. Роналдудың ақылға қонбайтын келісімшарты оған АПЛ клубын да сатып алуға мүмкіндік береді.

Роналду “Аль-Насрмен” келісімшартын 2 жылға үзартты. Ол бұл уақыт ішінде €600 миллион табыс табады

Клубтық әлем чемпионаты басталмай тұрып-ақ Криштиану Роналду "Аль-Насрдан” кетеді деген сөз көп айтылып жүрді. Көбісі оның Еуропаға қайта оралатынына сенсе, кейбірі тіпті көрші "Аль-Хиляльға” ауысады деп болжады. Тіпті Португал жұлдызының жақын досы әрі журналист Эду Агирре де Роналдудың "Аль-Наср” сапынан кеткісі келетінін растаған болатын.

Алайда соңында "Аль-Наср” бес мәрте Алтын доп иегерін көндіре алды. Және бұл табыстың сыры қарапайым ғана. Клуб Криштиануға футбол тарихындағы ең ірі жалақыны ұсынды. БАҚ мәліметінше, жаңа екі жылдық келісімшарт бойынша Роналдудың жылдық табысы — 263 миллион еуро. Ал бонустарды қоса есептегенде, 40 жастағы шабуылшы екі жылда 600 миллион еуроға дейін табыс табуы мүмкін.

Айта кетейік, бұл сома ағылшын Премьер лигасындағы "Эвертон" клубының жалпы бағасына тең.

Роналдудың жаңа келісімшарт бойынша табысы:

– Айына: 25 млн еуро

– Аптасына: 5,8 млн еуро

– Күніне: 822 мың еуро

– Сағатына: 34 мың еуро

– Минутына: 570 еуро

– Секундына: 9,5 еуро

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×