Роналду, Дешам, Капелло

07.01.2019, 19:15
Роналду, Дешам, Капелло
«Ювентус» шабуылшысы Криштиану Роналду Globe Soccer Awards тұжырымы бойынша 2018-ші жылдың үздік футболшысы. Португалиялық аяқдоп шебері ең әдемі голдың да авторы атанды. Роналду чемпиондар лигасында қазіргі командасы «Ювентусқа» керемет гол соққан еді. Криштиану Роналду – «Ювентус» ФК шабуылшысы - Былтыр табысты жыл болды. Мен көптеген атақтарға ие болып, чемпиондар лигасында жеңіске жеттім. Тағы бір сыйлықты алғаныма қуанып тұрмын. Енді «Ювентус» сапында көптеген кубоктар ұтып алуды армандаймын.  Франция құрамасымен әлем чемпионатында топ жарған Дидье Дешам жылдың үздік жаттықтырушысы атанды. Мадридтің «Атлетикосы» үздік футбол клубы деген марапатқа ие болды. Дидье ДЕШАМ –Франция құрамасының бас бапкері - Бұл атақты алғаныма мақтанамын. Ең алдымен футболшыларыма алғыс айтамын. Себебі ойыншысы жоқ жаттықтырушы ешкім емес. Әлем чемпионатында маған көмектескен барлық жанға басымды иемін. Осы залда жұбайым мен ұлым отыр. Мен сендерді жақсы көремін. Мигель Анхель Хиль «Атлетико» ФК президенті - Еуропада атақты клубтармен бәсекеге түсу қиын. Біз жалпыға ортақ мақсат үшін жұмыс істедік. Мұндай мәртебеге тек тынбай еңбек ету арқылы жетесің. «Атлетико» командасы атынан барлықтарыңызға рахмет айтамын.  Жаттықтырушы мансабына деген адалдығы үшін Фабио Капелло арнайы сыйлыққа ие болды. Италиялық маман бапкерлік ғұмырында «Милан», «Рома», «Ювентус», «Реал» клубтарын жаттықтырды. Англия мен Ресей құрамасының да тізгінін ұстады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×