Мадридтік «Реалдың» сұрмерген шабуылшысы Криштиану Роналду Испания чемпионатының алдағы екі матчына қатыспайтын болды, деп хабарлайды Bernabeudigital.com
Сайыстарды өткізу комитеті атақты португалиялықты екі матчқа жазалады.Осылайша Криштиану Ла Лигадағы «Реал Сосьедад» пен «Севильяға» қарсы матчта алаңға шыға алмайды.
Естеріңізде болса, Роналду «Кордоба» қорғаушысы Эдимарды ұрғаны үшін осындай жаза алып отыр. Қорғаушының өзі Криштиануға түсіністікпен қарап, кешіретінін айтты. Бұған дейін Роналду 4-12 матч аралығында алаңнан шеттетіледі деп күтілген.