Роналду ерекше жетістікке қол жеткізді

03.12.2020, 16:33
Кеше Роналду мансабындағы 750-ші голын соқты.
Роналду ерекше жетістікке қол жеткізді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 5-туры матчында "Ювентус" өз алаңында Киевтің "Динамосын" қабылдады. Кездесу Туриндегі (Италия) "Альянц-Ювентус" стадионында өтіп, алаң иелерінің пайдасына аяқталды (3:0).

Матчтағы голдардың бірін шабуылшы Криштиану Роналду соқты. Twitter-де OptaJose хабарлағандай, бұл Португалиялық футболшының мансабындағы 750-ші голы болды. Роналду "Реал" сапында ең көп гол соққан - 450. Одан бөлек, "Манчестер Юнайтед" жейдесінде 118 гол соқты. Португалия құрамасы үшін 102 рет гол соқты. Ал "Ювентус" сапында 75 голды өз еншісіне жазды. "Спортингте" соққан 5 голы тағы бар.

"Барселона" (15 ұпай) мен "Ювентус" (12 ұпай) Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алып үлгерді. "Динамо Киев" пен "Ференцварош" бір-бір ұпайдан жинап, УЕФА Еуропа Лигасына жолдама алу үшін таласады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×