Роналду ерекше жетістікке қол жеткізді

09.12.2020, 16:28
Кеше Роналду «Камп Ноудағы» 14-ші голын соқты.
Роналду ерекше жетістікке қол жеткізді

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-туры матчында "Барселона" өз алаңында Туриндік "Ювентусты" қабылдады. Кездесу Каталония астанасындағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, қонақтардың пайдасына аяқталды (0:3).

Goal.com сайтының хабарлауынша, осы кездесуде дубль жасаған Криштиану Роналду "Камп Ноуда" соққан голдарының санын 14-ке жеткізді, яғни Португалиялық футболшының мансабындағы сырт алаңдағы ойындарды есепке алғанда ең көп голды дәл осы стадионда соққан екен.

Осы маусымда 35 жастағы португалиялық шабуылшы "Ювентус" сапында барлық турнирлерде 10 матч өткізіп, 12 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді. Жеңістің арқасында "Ювентус" "Барселонаны" айналып өтіп, Чемпиондар лигасының 1/8 финалына бірінші орынмен шықты. Параллель матчта Киевтің "Динамосы" мен "Ференцварош" УЕФА Еуропа Лигасына жолдама үшін таласты. Және бұл жолдамаға Киевтік команда иелік етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×