Түрік режиссёрі Эйуп Дирлик «Мост жизни» (Өмір көпірі) телехикаясын түсіруді қолға алатын болды. DailySabah хабарлауынша, сериалға атақты футболшы Криштиану Роналду мен Голливуд жұлдызы Анджелина Джоли түседі екен.
Үш кезеңнен тұратын бұл телехикая Газиантеп қаласында түсіріледі.
Жалпы телетуынды Түркия жеріне жан сауғалап келген сириялық босқындардың өмірі туралы баяндайды.
Эйуп Дирликтің айтуынша, түсірілімі келесі айда басталатын бұл хикаядан өзге де танымал жұлдыздарды көруге болады.