Әлем футболының аңызы, Португалия құрамасының капитаны және “Аль-Наср” шабуылшысы Криштиану Роналду жаңа тарихи марапатқа қол жеткізді. Ол Португалия лигасының марапаттау кешінде “Барлық уақыттың үздік футболшысы” атағына лайық деп танылды.
Лиганың ресми мәлімдемесінде:
“Роналду – тұтас бір дәуірді айқындаған тұлға. Ол әлемдік футбол тарихында өшпес із қалдырды.” – деп жазылған.
40 жастағы жұлдыз салтанатты рәсімге жеке өзі қатыса алмаса да, экран арқылы жанкүйерлерге үн қатты. Видеожазбада ол қолына алған марапатын көрсетіп, алғыс сөзін жеткізді.