Роналду Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын бұзды

03.12.2020, 20:00
Месси соңғы екі матчта алаңға шықпаған еді.
Роналду Мессидің Чемпиондар лигасындағы рекордын бұзды

"Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасында "Барселона" капитаны Лионель Мессидің рекордын жаңартты.

Бұл топтық кезеңнің бесінші турында болды, "Ювентус" өз алаңында киевтік "Динамоны" 3:0 есебімен ұтты.

Бұл ойында бір голды Роналду соқты. 71-ші голын соққан Португалиялық футболшы Чемпиондар лигасындағы өз алаңында өткен матчтарда гол соғу көрсеткіші бойынша Мессиді (70 гол) басып озды. Сонымен қатар, Роналду мансабындағы 750-ші голын салды. 

Еске салайық, "Барселона" (15 ұпай) және "Ювентус" (12 ұпай) Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алып қойды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×