Роналду Португалия құрамасының Әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізіп алады

Кеше Криштиану Ирландияға қарсы кездесуде қызыл қағаз алды.

Роналду Португалия құрамасының Әлем чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізіп алады

“Аль-Наср” шабуылшысы кешегі ойынның 59 минутында О’Ши есімді ирландиялық футболшыны шынтағымен ұрып, төреші тараптан қызыл қағаз алды. Регламентке сәйкес, Роналду Португалияның іріктеудегі Армениядан кейінгі тағы 2 ойынынан шет қалады. Ал ол кездесулер 2026 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы 2-турына тұспа-тұс келеді. Осы себептен Роберто Мартинес шәкірттері мундиальдің алғашқы матчтарын Криросыз ойнайтын болды.

Айта кетейік, Роналду ұлттық құрама мансабында өткізген 226 ойында алғаш рет алаңнан қуылды. 

Айтпақшы, 2026 жылы шабуылшы душ Сантуш Авейру футболшы ретінде соңғы Әлем чемпионатын өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 6
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×