Роналду реніші басылды

Әлемге танымал жұлдызды ойыншы "Аль-Наср" командасының сенбідегі жаттығу жұмыстарына қосылады.

Роналду реніші басылды

Клубтың басқару жұмысына сын артқан Криштиану Роналду “Аль-Насрдағы” жалақы және басшылық мәселесі оң шешім таппай базаға қайтып оралмайтынын жеткізіп еді. 

Душ Сантуш Авейрудың жан айқайы жететін жерге жетті. Спорттық директоры қызметіне жұмысын тиянақты атқарып жүрген азамат қайта тағайындалды. Ең бастысы жалақыларын ала алмай жүрген қызметкерлер талабы да ескерілді.

 Өз дегеніне жеткен португалдық “Аль-Насрдың” “Аль-Фатехқа” қарсы кездесуіне дайындық жұмыстарын жасамақ ниетте екен. 

Сауд Арабиялық ұжымда 2023 жылдан бері Криро барлық турнирлерде 127 матч өткізіп, 111 гол мен 22 голдық пас берді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×