Роналду «Ювентуста» қала ма?

08.08.2020, 23:28
Бірнеше күн бұрын Криштианудың «ПСЖ» клубына ауысқысы келгені белгілі болған еді.
Роналду «Ювентуста» қала ма?

«Ювентус» президенті Андреа Аньелли Криштиану Роналдудың клубтағы болашағы туралы айтты.

«Мен оның қалатынына сенімдімін. Меніңше, France Football бірнеше ай бұрын болған ұзақ сұхбатқа қайта оралды. Ол "Лион" командасына қарсы ойнағанға дейін жарияланған болатын. Бұл ескі медиа трюк.

Жоқ, Роналду "Ювентустың" негізгі тірегі болатындығына сендіре аламын, - деді Аньелли Eurosport басылымына берген сұхбатында.

Бұған дейін France Football порталы Криштиану Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде «Локомотивпен» болған кездесуден кейін басшылыққа Туриндік клубтан көңілі қалғанын және «Пари Сен-Жерменге» кету ниеті туралы хабарлаған болатын. Португалиялық шабуылшының «Ювентуспен» келісімі тағы екі маусымға жарамды.

Айта кетейік, Роналду Чемпиондар лигасының 1/8 финалының екінші матчында «Ювентусқа» «Лионды» жеңуге көмектесті. Алайда, бұл жеңіс Италия клубын ширек финалға шығара алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×