Роналдудың басы бәлеге қалды

14.07.2020, 16:11
Бұл жолы баласына қатысты.
Роналдудың басы бәлеге қалды

Мадейра аралының полициясы «Ювентустың» жұлдызды шабуылшысы Криштиану Роналдудың 10 жасар баласына қатысты іс жүргізіп жатыр. Ғаламторда 10 жасар баланың жалғыз өзі гидроцикл басқарып жатқандығы туралы видео пайда болғаннан кейін тергеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды The Sun.

Видеоның авторы - жасөспірімнің тәтесі - Элма, ол Роналдудың әпкесі екен. Және ол түсірілген бейнені әлеуметтік желілерге жүктеген. Португалия баспасөзі бұл бейне сенбіде Мадейраның оңтүстігіндегі Пол-ду-Мар қаласында түсірілді деп хабарлайды. Криштиану Роналдудың баласы туыстарымен сол жерде демалып жүрген.


Теңіз полициясының басшысы Геррейро Кардосу тергеу жүріп жатқанын растады. Ол не болғанын білетінін және айыппұл салу керектігін білу үшін жағдай анықталып жатқанын айтты. Сонымен қатар ол гидроциклді пайдалану үшін шкипер лицензиясын талап ететінін және оны тек ересектер ғана ала алатынын айтты.

Португалия заңына сәйкес, гидроцикл айдауға лицензия болмаса, 268 ден 2,6 мың фунт стерлингке дейін, ал топтар мен жеке фирмаларға 10,7 мың фунт стерлингке дейін айыппұл салынады.

Кеше, 13 шілдеде, видео Элманың Инстаграмдағы парақшасынан алынып тасталған екен, бірақ ол желіге Роналдудың баласы қайықта анасы Долореспен бірге отырған суретін салып қойыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×