Ширек финалға жолдама алған Чехи құрама командасының жартылай қорғаушысы Томаш Росицки Прагаға ұшып кеткені белгілі болды. «Арсенал» командасының ойыншысы Чехияны алға сүйреп жүрген мықты ойыншы екендігі белгілі. Ширек финалда Португалия құрамасына қарсы шығатын чехиялықтардың Томашсыз өнер көрсетуі қиын жағдайға әкелуі ықтимал.
Соңғы ойында балтырын жарақаттап алған Росицки құрама командадағы медецина қызметкерімен бірге Прагаға барып, аяғын емдеп келмек екен. Ал, оған дейін Томаш жаттығу жұмыстарына қатыспайды.Біздің серіктес: FONBET