«Ротор» клубының бас бапкері Шомко мен Щёткиннің командаға ауысқанын растады

12.01.2021, 03:25
Ресей Премьер-лигасы ақпан айының соңында қайта жалғасын табады.
«Ротор» клубының бас бапкері Шомко мен Щёткиннің командаға ауысқанын растады

"Ротордың" бас бапкері Александр Хацкевич "Астана" футболшылары Иван Маевский және Дмитрий Шомкомен келісімшартқа отырғанын жариялады және қазақстандық клубтың шабуылшысы Алексей Щёткинмен келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

"Маевский мен Шомко ресми түрде "Ротордың" ойыншылары, және Щёткинмен келіссөздер жүргізілуде, бірақ жалпы қазірдің өзінде келісім бар, тек ұсақ-түйек мәселелерді шешу ғана қалды. Менің ойымша, үш ойыншы да біздің команда үшін өте жақсы трансфер болады", - деп келтіреді Sport24 Хацкевичтің сөзін.

Волгоградтық "Ротор" 19 кездесуде 14 ұпай жинап, Ресей Премьер-лигасының турнир кестесінде 13-орында тұр. Сайыстың көшбасшысы - Санкт-Петербургтің "Зениті (41 ұпай). Ресей чемпионаты ақпан айының соңында жалғасатын болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×